Лаңкестік – қазіргі қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси проблемасы, ол ең алдымен әлемдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандырушы әсер ететін террористік көріністердің алуан түрлілігіне байланысты. Қоғамдық ортадағы ланкестік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі оларды алдын алу болып табылады. Мұндай профилактикалық жұмысты жастар арасында жүргізу өте маңызды. Мектебіміздің жаспары бойынша терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары аясында 1-4, 5-11 сынып оқушылары мен мұғалімдерге арналған нұсқаулық өткізілді. Теориялық сабақ мұғалімдер мен оқушылар арасында терроризм идеологиясының таралуын алдын алуға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Бұл іс-шара терроризм актісін жасау қаупі төнген кезде және одан кейін сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын дамытуға, мүмкін болатын өмірлік төтенше жағдайларды болжау қажеттілігін дамытуға, дұрыс талдау және мінез-құлық дағдыларын дамытуға, яғни өмір жолында кездесуі мүмкін жағдайларда сауатты іс-әрекеттерге ықпал етуде көмектеседі.