Текст
12 ақпанда ЖМ бағыты пәндерінің онкүндігін өткізу жоспарына сәйкес ойын арқылы физиканы оқуға танымдық қызығушылықты, сондай - ақ білімге оң көзқарасты дамыту мақсатында 8-9 сынып оқушылары үшін физика пәні бойынша іс-шара өткізілді. 8-9 сынып оқушылары 4 командаға бөлінді. Ойын 7 раундтан тұрды. Алдымен командалар өздерінің атаулары мен ұрандарын ұсынды, содан кейін ойын өтті. Балалар үлкен қызығушылықпен қатысты, анаграммалар шешіп, формулалар жинап, блиц-турнир сұрақтарына жауап берді. Бәсекелестік рухымен ойын өтті, онда 8 "Б" сыныбының Ньютон командасы жеңіске жетті, 2 – ші орынды "Эйнштейн" және "Торичелли" атты 9-шы сынып командалары бөлісті, 8 "А" сыныбының Архимед командасы лайықты 3-орынға ие болды.