Текст
Жаратылыстану-математикалық пәндер онкүндігі аясында 10 ақпанда «Не? Қайда? Қашан?» «Химия және соғыс» тақырыбына зияткерлік турнир өткізілді. Турнирге 10-сынып оқушыларынан үш команда қатысты. Іс-шара соғыс жылдарындағы химия ғылымының рөлін түсіну үшін ұйымдастырылды және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылды. Шара оқушылардыңҰлы Отан соғысындағы Жеңістің жақындауына химик ғалымдардың қосқан үлесі туралы білімдерін кеңейтуге, еліміздің батырлық өткен тарихына құрметпен қарауға, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті. Барлық команда ойыншылары бірлік, командалық рух және жеңіске деген жігер көрсетті. Турнир қызықты әрі танымдық болды.