Мектептегі жаратылыстану-математикалық пәндер курсын оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында мұғалімдер сыныптан тыс іс-шараларды дұрыс ұйымдастырады. Сыныптан тыс жұмыстың бір түрі – пәндік онкүндіктер. Сонымен, мектебімізде 2025 жылдың 10 ақпанында «Immersion in the world of science» жаратылыстану-математикалық циклінің онкүндігінің ашылуы өтті. Онкүндіктің ашылуы аясында мектеп фойесінде жаратылыстану-математикалық циклдің барлық пәндерін бейнелейтін жарқын, түрлі-түсті баннер, сонымен қатар экспонаттардың, макеттердің және аспаптардың шағын көрмесі ұсынылды. Онкүндіктің ашылуына орай «Ел туын анықта», «Дәл секіру», «Нейроойын», «Домино пирамидалары», «Ептілік лабиринті» атты түрлі сайыстар ұйымдастырылды, бұл бізге жаратылыстану-математикалық циклінің пәндері әлеміне енуге мүмкіндік берді. Жарыстар кезінде мүмкіндігінше көп қатысушылар тартқымыз келді. Мұғалімдер шығармашылық шабыт атмосферасын құруға тырысты, осылайша таң қалдыратын, қызығушылық пен құмарлықтың сәттері болды. Жарыстар оқушылардың тапқырлық , білімділік пен зеректік, ұқыптылық пен ептілік танытуына мүмкіндік берді. Барлық қатысушылар тәтті сыйлыққа ие болды!