Текст
4 елдің аумағында: Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина «ЭМУ ЭРУДИТ» онлайн-зерттеу байқауы өтті. "ЭМУ" байқауы жаратылыстану және математикалық сауаттылық бойынша білімге құзыреттілік көзқарас идеясын енгізеді, әрбір тапсырма ертегі кейіпкерінің қызықты шытырман оқиғасын қамтыды. "ЭМУ" тапсырмалары PISA халықаралық зерттеу моделі бойынша әзірленген. Біздің мектептің 6-11 сынып оқушылары осы зерттеуге қатысып, жүлделі орындарға ие болып, қатысушы сертификаттарымен марапатталды.