Текст
1-сыныпта «Мен адалдықты сүйемін!» атты сынып сағаты өтті. Сыныптағы оқушылар адалдық мәселелерін талқылауға белсене қатысып, түрлі өмірлік жағдаяттарды үлгі етіп, талдап, дұрыс шешімін тапты. Балалар бір-біріне адалдық ережелерін айтып, топпен жұмыс жасап, тақырыпқа сай суреттер салып, қорғады. Адалдық тақырыбында мультфильм көрсетіліп, одан кейін оқушылар көргендерін талқылады. Сынып сағаты белсенді және мейірімді атмосферада өтті.Іс-шара мектеп оқушыларының бойында тұлғаның маңызды қасиеті ретінде адалдыққа деген саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.